Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ (ФОТО)

www.muslim.kz 30.10.2017 3714 0 пікір
БАС МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ (ФОТО)

Кеше Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері арасында волейбол турнирі болып өтті. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған спорттық сайысқа мешіт имамдары мен ұстаздарынан діни дәріс алып жүрген шәкірттер қауымынан 10 команда жасақталып, өзара күш таластырды.

«Алатау» спорт кешенінде өткен дүбірлі додаға қатысушылармен қатар, жанкүйерлер қауымы қызу атсалысып, шәкірттер шеберлігіне куә болды. Атап айтсақ, Бас мешіт шәкірттері арасындағы спорттық сайысқа Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Данияр Есин мен Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қатысып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізді.+

Тартысты өткен турнир жеңімпаздарына «Әзірет Сұлтан» мешітінің жеңіс кубогы табысталып, жүлдегерлерге арнайы естелік медальдар берілді. Сондай-ақ,жүлде қоры 50 000, 30 000 және 20 000 теңге болатын арнайы сертификаттар беріліп, арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Сайыс қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы болып Ғазиз Ахмет ұстаздың шәкірттерінен құралған «Сұңқар» командасы топ жарса, Қуат Ерғалиұлы шәкірттері («Сұлтан» командасы») жүлделі ІІ-орынға ие болды. Ал, Үсен Саурбаев ұстаздың шәкірттерінен жасақталған «Жалын» командасы ІІІ-орынға табан тіреді. Сондай-ақ, ойын барысында үздік нәтиже көрсеткен Самади Төлеповке «Үздік шабуылшы» және Әлішер Жәнібекке «Үздік орындаушы» атағы беріліп, арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру