Бүгін ҚМДБ-ның жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Ақтөбенің бас мешітінде тақырыпқа сай жұма уағызын жүргізді.
Ақтөбеге арнайы іссапармен келген теолог облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Әйел – Алланың аманаты» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Әйелдің исламдағы дәрежесі, оның ислам айқындап берген құқықтары мен еріндегі ақылары туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, әйелдің еріне бойұсынуы керек болғанындай ерге де шариғат бірқатар міндеттер жүктейтіндігін тілге тиек етті. Соның ішінде, әйелдің нәпақасын тауып беру, отбасын асырау, ислами ілім үйрету, т.б.
Теолог сөз арасында теріс ағымның арбауына түскен азаматтардың әрекеттерін сынға алып, олардың әсіресе, талақ үкімін толық түсінбей әйел затының тағдырын тәлкекке түсіретінін, ата-анасына да құрметсіздік танытып, исламды үстіртін тану арқылы өзгені діннен үркітетіндігін баса айтты.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
28.10.2017
3300
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру