Астана қаласында ағымдағы жылғы 27 қазанда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаевтың төрағалығымен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың қазіргі таңдағы негізгі басымдықтары мен басты міндеттері туралы отырыс болып өтті.
Отырысқа өңірлік дін істері басқармалары мен коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанындағы дін проблемаларын зерттеу орталықтарының басшылары қатысты.
Н.Б.Ермекбаев өз баяндамасында халық арасында ақпарттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыру қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі болып табылатынына назар аударды.
Социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша сауалнамаға жауап берушілердің 30% жергілікті жерде жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру, әсіресе жастар арсындағы жұмыстардың тиімділігін жеткіліксіз деп бағалады.
Сондықтан мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды нығайту, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын жылжыту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың және азаматтық қоғам институттарының бірлескен күш-жігерін шоғырландыру қажет.
Сонымен қатар, халықтың мақсатты тобы арасында Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелерін және қолданыстағы заңнаманың нормаларын кеңінен түсіндіру қажет.
Сондай-ақ, министр алдын алу және атаулы жұмыстарды ұйымдастыру барысында келісілген және біріздендірілген тәсілдерді әзірлеуді тапсырды.
Жастардың ұйымдаспаған тобы арасында алдын алу жұмыстарын күшейту, өткізіліп жатқан іс-шараларға жастардың қызығушылықтарын арттыру, олармен жұмыс істеу барысында инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану қажет.
Отырыс шеңберінде Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары дін істері басқармалары басшыларының есептік ақпараты тыңдалды.
Нәтижелі пікір алмасулар болып, жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарының сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.10.2017
3227
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру