23-25 қазан аралығында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы Қарғалы ауданында жұмыс жасады.
Осы аралықта ауданда 40-қа жуық іс-шара ұйымдастырылып, 1300-ден астам адам қамтылды. Түсіндіру жұмыстарына теолог мамандар А.Садиев, А.Раманқұлов, Н.Смағұлов, А.Тыныштықов, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары Ж.Сүлейменов, Т.Разақ, М.Алиевтер, т.б. жұмылдырылды.
Аудан орталығында, Бадамша, Қостетстек, Степной секілді бірқатар елдімекендерде, жергілікті әкімдікте, мекеме-кәсіпорындарда, білім беру ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылды. Соның ішінде, Петропавл, Қостестек орта мектептері, Бадамша ауылдық №1 орта мектебінде «Дін және жастар» тақырыбында, одан бөлек «Жастарда жат идеологиядан сақтайық» атты іс-шаралар ұйымдастырылды. Жат ағымдар жайлы бейнерликтер көрсетілді. Аудан орталығында мектептердегі психолог, дінтану пәні мұғалімдерінің, т.б. қатысуымен жиындар өткізіліп, дінге бет бұрушы жастармен жұмыс жасау, діни тұрақтылықты қамту мәселелері көтерілді.
Дін қызметкерлеріне арналған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты семинар-тренинг ұйымдастырылып, онда діни рәсімдерді бірізділендірудің маңызы, діни қызметтің сапасын арттыру, садақа мәзірі туралы айтылды. Теолог Амантай Садиев, Нұрбол Смағұлов мешіттерде уағыз-насихаттар айтып, бірқатар мешіттердің тыныс-тіршіліктерімен танысты.
Бүгін топ Байғанин ауданында түсіндіру жұмыстарын бастады.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
27.10.2017
3214
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру