26 қазан күні Сенат отырысында «Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды 24.kz.
Ресми құжат екі елдің қылмыспен күресуде ынтымақтастығын арттыра түседі. Қазіргі кезде Қазақстанның сот төрелігінен Сауд Арабиясы аумағында жасырынып жүрген адамдар жоқ. Алдағы уақытта Бразилия, Иордания, Македония, Греция және Португалиямен осындай халықаралық келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.
Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
– Сауд Арабиясы посткеңестік одақ елдерінің ішінде алғаш болып, Қазақстанмен осындай келісімге келді. Бұл еліміздің халықаралық аренадағы мәртебесінің жоғарылай түсуіне өз ықпалын тигізеді. Келісімнің ережелеріне сәйкес тараптар өздерінің аумағында іздеуде жүрген адамды қылмыстық жауапқа тарту мен сот үкімін орындау үшін ұстап беруге міндеттеледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.kz
27.10.2017
3450
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру