ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен аудан имамдарына мешіт жанынан шаруашылықты дамыту, мал және егін шаруашылығымен айналысу, сол арқылы қайрымдылық көмегін жасау және имамдардың қажеттілігін өтеу туралы арнаулы тапсырма берген болатын.
Осыған байланысты Өскемен өңірінде бірқатар мешіттер бүгінде көкөніс шаруашылығын дамытып отыр.
Солардың бірі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешіті биылғы еккен картоп және басқа да өнімдерін жинап алды.
«Біз биыл жаз бойы егіндікке барынша назар аудардық. Тынбай еңбектенудің арқасында жақсы өнім алдық. Өзіміз еккен картоп, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдерімізді тұрмысы төмен отбасыларға және имамдарымызға береміз» - деп атап өтті, Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы.
Аталған мешіт былтырдан бері аудан әкімінің көмегімен 10 га егіндік жер алып, жыл сайын өнім алып келе жатыр.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.
25.10.2017
3396
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру