Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫНА 2 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК БЕРІЛДІ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 25.10.2017 4439 0 пікір
ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫНА 2 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК БЕРІЛДІ

«Ауқымды түсіндіру жұмыстары және рухани сұрақтар» бағыты бойынша мобильдік топ Мәртөк ауданындағы жұмысын тәмамдады.

Мұнда шамамен 56 шара ұйымдастырылып, 2195-ке жуық адам қамтылды. Жоба аясында жоспарға сәйкес Құрмансай, Қаратаусай ауылдық клубтары мен Байнассай ауылдық мектебінде, өзге де жергілікті мекеме, кәсіпорындарда, білім беру ұйымдарында кездесулер өткізілді. Ауылдық мектепте теолог Нұрлыбек Күзенбаев, Азамат Раманқұлов және Мәди Орынбай діни сауаттылықтың маңыздылығы, деструктивті ағымдардың қателіктері, жат түсінікке бой алдырудың зардабы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, өңір мешіттерінде де осы тектес тақырыптарда уағыз-насихаттар айтылды.

Сапар барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Нұрланұлы және өкіл имам Төлеби Оспан бірқатар мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып, екі бірдей жаңа нысанның құрылыс басында болды. Соның бірі - аудан әкімі Нұржауған Қалауовтың тікелей ұйытқы болуымен салынып жатқан аудандық мешіттің жаңа ғимараты.

Мұндағы құрылыс жұмыстары келер жылдың Рамазан айына дейін аяқталады деп күтілуде. Өкіл имамның ұйытқы болуымен, игі бастамаға «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің алқа мүшелері Бекбол Абдуллин және Әділ Құрманаев қолдау білдіріп, 2 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Бұдан бөлек ауданның Жайсаң  елдімекенінде тағы да бір мешіттің кірпіші қаланды. Автомобиль бекетіне жақын орналасқан бұл мешіт ең әуелі жолаушылар үшін ыңғайлы болмақ. Бір қуантарлығы, Жайсаңдағы жаңа мешіттің құжаттарын аудан басшылығының қолдауымен бірден діни басқарманың балансына рәсімделді.

Топ мүшелері отбасы үлгісіндегі Балалар үйіне де бас сұқты. Балғындармен бірге бір дастархан басында дәм ауыз тиіп, сұхбаттасып, олардың өнерлерін тамашалап, тәнті болды.

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» акциясының атынан балалар үйіне азық-түлік, киім-кешекпен көмек көрсетілді. 20 кг макарон өнімдері, 20 кг күріш, 50 кг жарма, сондай-ақ, 1 кілем берілді. Одан бөлек, 6 ер бала және 4 қыз балаға қысқы сырт киімдер мен аяқ киімдер үлестірілді.

WhatsApp Image 2017 10 20 at 13.25.04

 

WhatsApp Image 2017 10 20 at 09.58.37

 

WhatsApp Image 2017 10 19 at 11.31.27

 

DSCN5949

 

DSCN5951

 

DSCN5955

 

DSCN5971

 

DSCN5969

 

WhatsApp Image 2017 10 20 at 11.49.43

 

DSCN5914

 

WhatsApp Image 2017 10 20 at 15.28.02

 

WhatsApp Image 2017 10 20 at 16.26.46

 

DSCN5931

 

DSCN5934

 

WhatsApp Image 2017 10 21 at 16.28.56

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру