«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» акциясының атынан өткен аптада әлеуметтік аз қамтылған 5 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Соның ішінде, 49 кг ет, 19 кг макарон өнімдері, 6 кг жуа, 2 л күнбағыс майы, 5 кг күріш, 3 кг орамжапырақ берілді. Барлығы 84 кг азық-түлік.
Игі іске мешіттің сауат ашу курсының шәкірттері де атсалысты. Азық-түліктерді мүмкіндігі шектеулі жандардың үй-үйдіне жеткізіп, олардың хал-жағдайларын біліп, сұхбаттасты. Жәрдем алған жанұялар да жастарға, мешіт қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Алла баршасынан разы болғай!

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
25.10.2017
3403
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру