Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Медреседе Құран жарысы өтті (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 24.10.2017 3424 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Медреседе Құран жарысы өтті (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешіті жанындағы медресе шәкірттері арасында Құран жарысы болып өтті.

Медресе шәкірттері Қасиетті Құран Кәрімнің «Ясин» сүресін жаттаудан сынға түскен болатын. Медресе басшылығының ұйымдастыруымен өткен шарада шәкірттер арасынан оқ бойы озық шыққан 9 шәкірт «Ясин» сүресін жатқа оқып, әділқазылар қойған сұрақтаға жауап берді. Барлық сұрақтарға мүдірмей жауап берген шәкірттерден бірінші орынды Төрехан Жайдарбек, екінші орынды Сайдолла Қуаныш, үшінші орынды Құлжанов Нұржан иемденді.

Жүлделі орындардан көрінген қатысушылар арнайы марапатталып, қатысушылардың барлығына сыйлықтар үлестірілді. Өз білімдерін сынауда сынға түскен шәкірттер дән риза болып, медресе ұжымына өз алғыстарын білдірді.

Хадисте «Құран кәрімде бір сүре бар, оқыған адамға шапағат етеді, ал тыңдағанның кешірілуіне себеп болады. Ахиретте қорыққанынан сақ болады. Бұл сүре – Ясин» - деген.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру