Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Баян-Өлгийлік кітапханашылар «Халифа Алтай» мешітінің кітапханасында болды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 24.10.2017 3546 0 пікір
Баян-Өлгийлік кітапханашылар «Халифа Алтай» мешітінің кітапханасында болды (ФОТО)

 

Өскемен қаласына кітапханалар арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша келген Монғолияның Баян-Өлгий аймағының кітапханашылары Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің кітапханасында болды.

 Кітапханашыларды облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Даулет Қабидолдин күтіп алып, кітапхананы таныстырды.

 «Рухани жаңғыру аясында облыс басшысының қолдауымен мешітімізге кітапхана ашылды. Бұл біздің имамдарымыз ғана емес қаламыздағы оқырмандарымыз үшін аса маңызды болды. Кітапханамыз толықтай компьютер және интернетпен жабдықталған. Алда кітап қорын ұлғайту жоспарланып отыр» деп атап өтті, наиб имам Даулет Қабидолдин.

 Кітапханамен танысу барысында Баян-Өлгий аймақтық «Ақтан Бабиұлы атындағы» орталық кітапхана директоры Асқар Шаймарданұлы мешіт кітапханасымен танысып отырғандығына қуанышты екендігін айта келе, дін ғұламасы Халифа Алтайдың еңбектері жайлы имамдармен пікір алмасып, діни руханиятқа аса көңіл бөліп отырған мешіт ұжымына сәттілік тіледі.

 Кітапханашылар сонымен қатар мешіт мұражайындағы жәдігерлерді көріп, дастарханнан дәм татты.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру