Алматы орталық мешітінде Жастарға тағлым аясында келелі кездесу өтті. Кездесуді Алматы қаласы Жастар ісі секторының өкілі Қайыргелді Руслан бастап, жастарға насихат айтып, сөз кезегін панкратион (ережесіз жекпе-жек) түрінен 4 дүркін әлем чемпионы, абсолюттық Азия чемпионы Ардақ Назаровқа берді.
Өз кезегінде Ардақ мырза сөзін Мұқағали атамыздың:
«Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,
Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!
Құбылаға бет алып қол қусырып,
Сәждеге жығылатын қайда күнім?»,- деген өлең жолдарымен бастады. Тәуелсідікті ардақтау керектігін, бүгінгі бейбітшілігіміз бен татулығымыз тәуелсіздіктің арқасында екендігін тілге тиек етті. Сөз барысында береке ынтымақты елде болатындығына, халықтың күші білекте емес, Аллаға деген таза сенім, бірлік, адамгершілік, намыс, тәрбие, иман тазалығында екенін әсерлі сөзбен жеткізіп берді.
Жақсы отырыстан серпіліс алған жастар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
23.10.2017
3470
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру