«Ел болам десең – бесігіңді түзе» демекші, Талдықорған қаласында әйел-қыздарға арналған бір апталық дәріс болып өтті. Шараны лекция, тренинг, кездесу және қайырымдылық түрінде танымал ұстаздар мен ҚМДБ-ның РАНТ мүшелері өткізді.
Атап айтқанда, 4 күн бойы әйел-қыздар жамағатына арналған «Отбасы тәрбиесі» атты семинар-тренингтер орталық «Иман» мешітінде, жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында және жастарға қызмет көрсету орталықтарында жүргізілсе, «Сырласу» атты еркін кездесулер, қайырымдылық ретінде Талдықорған қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Қамқор" және «Малютка» балалар үйінде, «Ана үйі» жас аналар кризистік орталығында өтті.
Семинар-тренингте әйелдер жамағатына жанұядағы бала тәрбиесі, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы дәрістерді ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Серік Тәжібаев және Алматы қаласы «Орбита» мешітінің найб имамы Жолдас Бердімұрат жүргізді. Ал, «Сырласу» атты еркін кездесулерде радикалды топтарға қарсы тұру және олардың сипаттары туралы айтылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
23.10.2017
3780
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру