«Ауқымды түсіндіру жұмыстары және рухани сұрақтар» бағытындағы мобильдік топ Темір ауданындағы жұмысын қорытындылады.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов бастаған топ Темір ауданының орталығында, сонымен қатар, Темір қаласы және Қопа, Кеңкияқ, Саркөл, Шұбарши, т.б. ауылдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Теологтар түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен де жүздесіп, сұхбаттасты. Топ құрамына республикадан арнайы теолог маман Қабылбек Әліпбайұлы шақыртылып, 100-ден аса жамағатпен жұмыс жүргізді.
Өкіл имам Төлеби Оспан аудан орталығындағы «Досжан ишан» мешіті, Саркөл, Шұбарши, басқа да елдімекендердегі мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыс барысын бақылады. Сондай-ақ, ғимараттардың қысқа дайындығы тексерілді.
Жамағатқа «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітап таныстырылып, өкіл имам өңірдегі діни рәсімдерді бірізге түсірудің маңыздылығын алға тартты.
Жалпы үш күн ішінде Темір ауданының діни ахуалын тұрақтандыруға бағытталған 66 іс-шара ұйымдастырылып, онда 3000-ға жуық адам қамтылды.
Қазір топ Мәртөк ауданында жұмысын жалғастыруда.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
22.10.2017
3684
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру