Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО

www.muslim.kz 22.10.2017 3575 0 пікір
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО

Күндердің сұлтаны болған Жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әдеттегідей қайырымдылық шарасын өткізіп, Астана қаласындағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік тарату жұмыстарын жүргізді. Астана қаласының Әсет Өрентайұлының бастамасымен жүзеге асқан «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық акциясы аясында 40 отбасыға азық-түлік қораптары үлестірілді.

Арнайы қораптағы азық-түлік қорын тарату жұмыстарына «Әзірет Сұлтан» мешітінің бастамасымен құрылған «Желідегі жақсылық» еріктілер тобы да белсене атсалысып, қайырымдылық қораптарын тізімдегі мұқтаж жандардың үйлеріне апарып үлестіруге қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру