«Рухани келісім күні» қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жиын болып өтті.
Шараға Өскемен қаласы әкімдігінің басшылығы, облыстық және қала мешіттерінің имамдары, әкімдіктің бөлім басшылары, діни бірлестік жетекшілерімен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Басқосуда ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы сөз сөйлеп, рухани келісімнің маңызына тоқталды.
«Рухани келісімнің маңызы айырықша. Қоғамда рухани келісім болмаса татулық пен тыныштық орнауы күрделі болар еді. Еліміздегі баянды бейбітшілік сол Елбасымыздың сара саясатымен келе жатқан дінаралық татулықпен рухани келісіммен ұлттар арасындағы ынтымақтың арқасы» деді, өкіл имам өз сөзінде.
Жиын барысында Өскемен қаласы әкімінің «Құрмет грамотасымен» бірқатар тұлғалар марапатталды. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Даулет Қабидолдин, «Өскемен орталық мешітінің» бас имамы Бауыржан Жұмабековтер бар.
Марапат имамдарға руханият саласындағы ерен еңбегі мен дінаралық тұрақтылықты дамытуға қосқан үлестері үшін берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
21.10.2017
3576
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру