Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

1800-ГЕ ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ҚАБЫЛБЕК ӘЛІПБАЙҰЛЫНЫҢ СҰХБАТЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі   nurgasyr.kz 20.10.2017 4478 0 пікір
1800-ГЕ ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ҚАБЫЛБЕК ӘЛІПБАЙҰЛЫНЫҢ СҰХБАТЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазан айының 12-сі мен 18-і аралығында белгілі теолог, РАНТ мүшесі Жұмабеков Қабылбек Ақтөбе өңірінде іссапарда болды. Өңірде іске қосылған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қала, үш бірдей аудан жамағаттарымен жүздесті.

Осы аралықта теолог Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешіті, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті, қалалық орталық мешіт және Темір аудандық «Досжан ишан» мешіттерінде жамағатқа уағыз жүргізді. Соның ішінде, шынайы мұсылман сипатына қатысты «Мұсылман деген кім?», «Қуатты және әлсіз мұсылман», «Мұсылманның сабыры мен шүкірі» туралы айтып, «Жамағаттың бірлігі», «Ата-анаға құрмет», «Имандылықты күшейту» секілді тақырыптарды да қамтыды. Уағыздан кейін қосымша сауалдар жолданып, барлығы 22 сұраққа жауап берілді. Мешіттерде өткен уағыз-насихат кезінде барлығы 1630-ға жуық жамағат қамтылды.

Бұдан бөлек Шұбарқұдық ауылында «Нұрлы білім» атты ауданаралық 4 күндік семинар өткен болатын. Аталмыш семинар жұмысына да атсалысқан теолог мұнда үш мәрте дәріс жүргізіп, оған 30-ға жуық жамағат қатысты.

Сапар барысында «Ақтөбе медресесі» колледжіне арнайы бас сұққан теолог медресе шәкірттеріне «Білім алу жолындағы табандылық» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Білім жолына түскен пенденің дәрежесі, ілімнің артықшылығы туралы сөз қозғады.

Теологтың осы аралықта жүргізген түсіндіру жұмыстарына шамамен 1735 адам қатысты. 

1 1

 

1 2

 

1 3

 

2 1

 

2 2

 

2 3

 

2 5

 

2 4

 

3 1

 

3 2

 

3 3

 

3 6

 

3 4

 

WhatsApp Image 2017 10 14 at 12.06.18

 

WhatsApp Image 2017 10 16 at 15.26.34

 

WhatsApp Image 2017 10 17 at 13.08.10

 

WhatsApp Image 2017 10 17 at 13.08.11

 

 

DSC00650

 

DSC00666

 

DSC 1163

 

DSC 1164

 

DSC 1167

 

DSC 1169

 

DSC 1171

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру