18 қазан - Рухани келісім күніне орай Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ақтөбе облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Оған әр түрлі діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мешіт имамдары қатысты.
Шара барысында басқарма басшысы Жолдас Қалмағанбетов және өкіл имам Төлеби Оспан түрлі конфессиялар арасындағы татулық пен келісім – жарқын келешектің кепілі екендігін айтып, көпұлтты мемлекеттіміздің нық іргетасын қалаған Елбасы саясатының кемелділігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, дін ұлт пен ұлысқа бөлінбейтіндігін, дәстүрлі жолымыз ислам да өзге дін өкілімен бейбіт мәміле жасауды бұйыратындығын жеткізді.
Сондай-ақ, басқарма басшысы Жолдас Нұрланұлы Рухани келісім күнінің қарсаңында футболдан өткен жарысты қорытындылап, жеңімпаздарын марапаттады. Аталмыш спорт додасында «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті, қалалық орталық мешіт және «Нұрдәулет» мешіті жамағатынан құралған командалар жақсы ойын көрсетіп, жүлделі орындарды иеленген болатын. Сонымен қатар, «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» атты облыстық нобайлар байқауының жеңімпаздарына да марапаттар ұсынылды.
Шара жалғасында кітапхана ғимаратының алдына көшеттер отырғызылып, барша меймандарға мерекелік дастархан жайылды.
Дәл осы датамен орайластырылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы ғимаратында «Рухани келісім — бейбітшілік тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, С.Бәйішев атындағы облыстық орталық кітапхана және инновациялық білім лицейінің мектеп оқушыларымен қатысуымен кездесу өтті. Аталмыш шараларға ҚМДБ-ның жастр ісі бөлімінің облыстағы өкілі Асылхан Темірханов қатысып, «Келісім қайда – келешек сонда» тақырыбында баяндама жасады.
Қазақстан Іскер Әйелдер қауымдастығы Ақтөбе облыстық филиалы ұйымдастырған шараға қалалық орталық мешіттің бас имамы Садиев Амантай қатысып, ұлттар арасындағы татулық пен келісімнің басты байлығымыз екендігін сөз етті.
«Рауан» көпсалалы колледжінде өткен кезекті шараға қалалық орталық мешіттің наиб имамы Умбетов Шынболат қатысты. Имам жастармен бірге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылап, асыл дініміздің құндылықтары туралы сөз қозғады.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
19.10.2017
4008
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру