Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өзге ұлт өкілдері мешітте бас қосты 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 19.10.2017 4094 0 пікір
Өзге ұлт өкілдері мешітте бас қосты 

Бүгін – Рухани келісім күні. Атаулы күннің құрметіне облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті әр түрлі ұлт өкілдерін мейман етіп, дастархан жайды. Оның ішінде, қазақ, украин, орыс, т.б. ұлт өкілдері болды.

Мешіт қызметкері Мәжит Әбішев пен ұстаз Кенжегүл Қошқарова көпұлттылық – мемлекетіміздің басты құндылығы, бірлігі – байлығы екендігін айтып, ұлттар мен ұлыстардың достығы ислам ұстанымына сәйкес келетіндігін тілге тиек етті. Бір үйдің баласындай бір дастархан басында дәм ауыз тиген меймандар да жылы лебіздерін жеткізіп, қазақтың қонажайлылығын сөз етті. Қуандық ақсақал елдігіміз бен ауызбіршілігіміздің мәңгі болуын тілеп, дұға жасады.

Мешіттің «Сен де үлес қос!» акциясы аясында барлық меймандарға кәдесый есебінде азық-түліктер салынған әлеуметтік пакеттер үлестірілді. 22 адамға барлығы 44 кг ұн, 22 кг макарон, 22 кг қант, 22 кг күріш, 66 кг ет және 15 дана қызанақ пасталары, барлығы 176 кг азық-түлік берілді.

IMG 0137

IMG 0139

IMG 0141

WhatsApp Image 2017 10 18 at 15.38.40

WhatsApp Image 2017 10 18 at 15.38.38

WhatsApp Image 2017 10 18 at 15.38.37

WhatsApp Image 2017 10 18 at 15.38.39

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру