Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұрсұлтан Назарбаев шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

kazislam.kz 19.10.2017 4122 0 пікір
Нұрсұлтан Назарбаев шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

Рәсім барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Кадам Шах Шахим, Польша Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич, Канаданың Төтенше және өкілетті елшісі Николя Бруссо, Финляндия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Микко Кивикоски, Бельгия Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаель, Франция Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ, Эстония Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэс сенім грамотасын тапсырды.

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларға арналған сөзінде олардың дипломатиялық миссиялары Қазақстанның жаңа даму кезеңіне тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

«Біз Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыруға кірістік. «Рухани жаңғыру» атты ауқымды бағдарлама әрбір азаматымыз үшін ерекше мәнге ие болуда» – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара саяси іс-қимылдың жанданғанына назар аударды.

– Биыл біз Ғани мырзамен Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының жиындарында кездестік. Өзара сауда көлемі жарты миллиард долларға жетіп, Алматы мен Кабул қалаларында Сауда үйлері ашылды. Біз техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратын боламыз. Ауғанстанның қауіпсіз әрі орнықты дамуы – өңіріміздегі бейбітшіліктің, тұрақтылық пен өркендеудің кепілі, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы жауапты дипломатиялық қызметтерінің басталуымен тағы да құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру