Бүгін облыстық дін істері басқармасы мен «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының бастамасымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің қолдауымен «Зайырлы қоғамдағы мұсылман әйелдің келбеті» тақырыбында әйел жамағатына арналған оқыту семинары болып өтті.
Айтулы шараға республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Ақбөпе Тілегенова, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, орталық мешіттің ұстаздары, мешіт жамағаттары, шәкірттер қатысты.
Алдымен облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, арнайы келген қонағымыз Ақбөпе Тілегенованы жиылған қауымға таныстырып, сөз тізгінің ұсынды.
Ақбөпе Тілегенова «Зайырлы қоғамдағы мұсылман әйелдің келбеті» тақырыбында кеңінен сөз өрбітіп, қазақ қызының қылығы, ақжаулықты аналардың қоғамдағы орнының ерекшелігіне арнайы тоқталып, дін мен дәстүр құндылығын ерекше насихаттады.
Жиылған қауым келген қонаққа сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.
Атаулы шара Ақжайық төрінде екі күнге жалғасады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан САМАТҰЛЫ
18.10.2017
3977
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру