Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыдағы рухани келісім

17.10.2017 3394 0 пікір

Рухани келісім күні Алматы қаласында қала  әкімдігінің қолдауымен діни конфессиялар арасында спорттық ойындардан жолдастық кездесу өтті.

Шара мақсаты көп ұлтты елімізде дін аралық татулықты нығайту мен қоса жат ағымдық идеологиның таралуын алауыздықтау болды. Шараға Алматы қаласындағы барлық діни конфессиалар шақыртылды. 11 команда мешіт жамағатынан құрылып, Арқан тарту, Кіртас көтеру жеңіл атлетика сайыстары болды.

Ең тартысты өткен спорт түрі шағын футбол болды. 12 команда қатысқан футбол сайысында Алматы орталық мешітінің «Бірлік» командасы І орын иеленіп, 7 велосипед ұтып алды. ІІ орынды Бостандық ауданының «Бақыткелді мешіті» командасы иеленіп, 7 планшет ұтып алса, ІІІ орын Пратестанттық шіркеудің «Гедион» командасы иеленіп, 7 теңбілдоп ұтып алды.

Шарада Алматы қаласының Өкіл имамы Нұрбек Ауесханұлы  атынан Орталық мешіт наиб имамы Есім Ержан қатысып, бас имамның сәлемдемесін  жеткізді.

 


 


 


 


 


 


 


 


 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру