Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр Астана» мешітінің ұжымы қарттарға құрмет көрсетті

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі www.ummet.kz 17.10.2017 7225 0 пікір
«Нұр Астана» мешітінің ұжымы қарттарға құрмет көрсетті

Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған «Нұр Астана» орталық мешіті бүгін Ақмола облысына қарасты Малотимофеевка ауылындағы қарттар мен мүгедектерге арналған үйге арнайы барып, қарттарға құрмет көрсетті.

Қариясын қадірлеген қазақ болмысына тән қасиетпен мешіт қызметкерлерінің мұндағы аяулы жандарға ала келген сый-сияпаттары аз емес еді. Шара шымылдығын ашқан қарттар үйінің директоры Сәкен Әйкенұлы бүгінгі іс-шараның қарттар күні мерекесіне орай ұмымдастырылып отырғанын айта келіп, орталық мешіттің ұжымына алғысын білдірді. «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов: «Үлкенге құрмет көрсетіп, жақсылық жасау – Ислам дінінің негізгі насихатының бірі. Жыл сайынғы игі дәстүрді жалғастырып, міне, биыл да сіздердің жағдайларыңызды білуге алдарыңызға келіп отырмыз. Адамдардың бір-біріне жасаған жақсылығы түбінде өзіне қайта оралады. Әсіресе, қарт кісілерге жасаған жақсылық пен көрсеткен кішкентай мейірімнің өзі артынша өзімізге таудай болып қайтып жатады. Сіздердің жүздеріңіздегі осынау риясыз қуанышты көру біз үшін де бір бақыт. Әрдайым үлкенге ізет көрсетуде үлгі болып келе жатқан дана халқымыз қарттарын қашан да аялай білген. Біз қайда жүрсек те, сіздердің амандықтарыңызды тілейміз» деп құттықтау лебізін білдірді.

Kattar Ui (7)

Kattar Ui (5)

Сондай-ақ, мерекелік кеште «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының Астана қаласы өкілдігінің басшысы Ибрагим Келдібайұлы барша қарияларды қарттар күнімен күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Қоғамның қалтарысында қалған қарияларға арналған мерекелік кешті өткізуге «Нұр Астана» орталық мешітінің жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубы ұйытқы болды. Әнмен әрленіп, күймен түрленген қайырымдылық концертінің көрігін жас әншілер қыздыра түсті. Бұдан бөлек, «Тағылым тамшылары» балалар театрының өнерпаздары қарияларымызға жырдан шашу шашып, «Анашым» поэзия туындысын тарту етті. Көңілдерге жылу ұялатқан «Нұр Астана» орталық мешітінің қызметкерлері бүгінгі қайырымдылық концертіне қатыса алмаған қариялардың бөлмелеріне бас сұғып, арнайы құттықтап шықты.  «Қарттарым – асыл қазынам» қайырымдылық шарасы барысында мешіт ұжымы қарттар үйіндегі жүзден аса қария мен кейуанаға гүл шоқтарын таратып, арнайы тәттілер мен сыйлықтар үлестірді. Қайырымдылық көрсеткен орталық мешіттің ұжымына қариялар «жиірек келіп тұрыңдаршы» деген қимастықтарын білдірді. Шара соңында қарттар үйінің асханасында арнайы мерекелік дастархан жайылып, Құран оқылды, қариялар тарапынан бата берілді.

Kattar Ui (17)

Kattar Ui (13)

Kattar Ui (29)

Kattar Ui (3)

Kattar Ui (4)

Kattar Ui (2)

Kattar Ui (21)

Kattar Ui (26)

Kattar Ui (28)

Kattar Ui (19)

Kattar Ui (20)

Kattar Ui (16)

Kattar Ui (10)

Kattar Ui (15)

Kattar Ui (32)

Kattar Ui (34)

Kattar Ui (33)

Kattar Ui (24)

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру