Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жас жамағат» клубы жастарға үлгі

«Жас жамағат» клубы жастарға үлгі

Алматы қаласы «Дін істері жөніндегі» басқармасының бастамасымен «Жауһар» Қоғамдық Қоры Алматы қаласы Жастар ісі бөлімімен жасасқан меморандум аясында құрған «Жас жамағат» клубы мешітке келуші жастарға арнап түрлі мәдени-танымдық іс-шараларды ұйымдастырып келеді.

Осы шаралардың негізінде қала мешіттеріне жиі келуші жастар бір қатар мұражайлар мен мәдени орындарды аралап рухани білімдерін арттырса, түрлі деңгейде ұйымдастырылып жатқан спорттық шараларға да белсенді қатысу арқылы өз қатарластарына үлгі көрсетуде. Жалпы алғанда еліміздің әр бір азаматы өз отанының тарихы мен мәдениетін жетік білсе, олар нағыз отаның сүйетін иманды ұрпақ тәрбиелеп шығатындығы сөзсіз.

Осының негізінде жастарымыз М.Әуезовтың мұражай-үйінде болып қайтқан еді. Мұражайды аралау барысында Мұхтар Омарханұлының өмірімен танысып, өздерің толғандыратын біраз сұрақтарға жауап ала алды.

Ал Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Айбыным Алаш» атты шығармашылық кешінде жастарымыз Алаш зиялыларының сонау зұлмат замандарда елін, жерін, дінің, ділін сақтап қалу жолында жүріп қызыл империяның темір торына тоғытылып, халық жауы атанып жүрген шағында ертеңгі жастарға жолдаған өлеңдерің оқыған жас ақындардың өнерлерін тамашалап, бір толқып қайтты.

«Жауһар» Қоғамдық Қоры мен Жастар бөлімінің осындай жастарға рухани тәрбиелік маңызы зор шараларды ұйымдастыру жұмыстары әлі де жалғаса береді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру