ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер-қыздар секторының» жұмысын жандандыру мақсатында өңір мешіттерінің әйел жамағаты арасында шара өткізуді жоспарлап, қолға ала бастады.
Осы мақсатта Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мешітінде аудан бойынша әйел жамағаттардың жиыны болып өтті.
«Шемонаиха» аудандық мешіті ұйымдастырған бұл шараға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Талшын Қожахметова қатысты.
«Біз рухани жаңғыру аясында ұлттық дәстүрді ұлықтайтын дәстүрлі тәрбиенің мектептерін өңірде ұйымдастырып жатырмыз. Өкілдік тарапынан әйелдер секторының жұмысына аса назар аударылып отыр. Бүгінгі таңда ұлтымыз үшін әйелдермен қыздар тәрбиесінің ұлағатты болуы аса маңызды» деп атап өтті, Т. Қожахметова өз сөзінде.
Жинда Шемонайха ауданың бас имамы Иврагим Еркінбай аудандық мешіт тарапынан «әйелдері мен қыздар секторын» дамыту және атқарылатын жоспарын жұмыс таныстырып, жиналғандармен пікір алмасты.
Соңынан шараға қатысушыларға аудандық мешіт тарапынан дастархан жайылды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінң баспасөз қызметі
16.10.2017
3273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру