Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ресейден келіп, әмиянын жоғалтқан әже және жақсылықта жарысқан жамағат

Ресейден келіп, әмиянын жоғалтқан әже және жақсылықта жарысқан жамағат

Өткен жұмада мешітімізге шарасыз жағдайға тап болғанын айтып, қарт әже келді. Ұлты – орыс, мұсылман. Ресейдің Тула деген жерінде тұрады екен.

Қазақстанға ұлының қазасына келіпті. Жамбылда өткен ұлының жерлеу рәсімдерін атқарғаннан кейін қайтар жолда әмиянын жоғалтқан көрінеді. Тума-туыстарына хабарласатын да мүмкіндік жоқ. Басына қиын іс түскен кезде қолдау іздеп, жергілікті мешітке барған әжеге ондағы жамағат жәрдемдесіпті. Ақтөбеге жетуіне көмектесіп, екі ортаның жол шығындарын өтеп, шығарып салған.

Ақтөбеге жеткен соң әже облыстың бас мешіті, «Нұр Ғасыр» мешітіне келеді. Осындағы әйел жамағатымен, ұстаздармен танысып, болған жайтты түсіндірген соң мұндағы мешіт жамағаты да қаражат жинайды.

Мешіттің "Сен де үлес қос!" акциясы мен көпшіліктің атсалысуымен жиналған қаражатқа әуелі Орскке қатынайтын көлікке билет, кейін Орск қаласынан Мәскеуге баратын поезға билет сатып алып береді. Ал Мәскеуге жетсе, қаладан әженің ауылы Тула да қашық емес көрінеді.

Осылайша, көптің көмегімен жақындарымен қайта қауышып, туған жеріне дін аман жеткен әженің барша мұсылман бауырларына айтар алғысы шексіз. Осы игі іске атсалысқан барша жамағаттың жақсылығын Алла сауаптан жазғай. 

ап

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 20.38.53

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 20.39.06

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 20.38.50

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру