Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұманы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті қайырымдылық шарасына арнап, Астана қаласындағы тұрмысы төмен 15 отбасыға көмек көрсетті. Мешіт қызметкерлерінің бастамасымен ашылған «Желідегі жақсылық» тобының бұл аптада жинаған қаражаты 15 отбасыға қажетті азық-түлік алуға жұмсалды.
Айта кетейік, «Желідегі жақсылық» жобасы осыдан бірнеше ай бұрын мешіт қызметкерлерінің бастамасымен ашылған болатын. WhatsApp желісі арқылы қайырымдылық шараларының қатарын арттыра түскен топқа кез келген ерікті жан тіркеле алады. Топ әкімшісіне 8 776 137 77 43 нөмірі арқылы хабарласуға болады.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muslim.kz
14.10.2017
3700
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру