Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстық деңгейде өткен семинар

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы 13.10.2017 3940 0 пікір
Облыстық деңгейде өткен семинар

Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы негізінде "Аманат-Жайық" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облысымыздағы ақпараттық-насихат топтарының мүшелеріне арналған "Ислам діні: түсінігі, принципі және оның деструктивтік діни ағымдардан айырмашылығы" тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарды облыстық дін істері басқармасының басшысы Саялбек Гиззатов ашып, "Аманат-Жайық" қоғамдық қорының төрағасы Ержан Жумагужиев жүргізді. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султанов білімсіздіктің зардабы туралы шағын насихатын айтып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі

Семинар жұмысына қатысқан АНТ мүшелерімен қатар, облыс имамдары, құқық қорғау органдары қызметкерлері, студенттер мен мұғалімдер республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Сансызбай Шоқановтың тағылымды дәрісін тыңдады. Сондай-ақ өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.

Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі - рухани, құқықтық, патриоттық білім мен тәрбие беру. Уақыт көрсетіп отырғандай, діни адасушылықтың басты себебі - діни сауатсыздық. Оқыту семинары осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат етті.

Семинарға қатысқан барлық тыңдаушыларға арнаулы сертификаттар табысталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру