ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің облыс басшысына жасаған арнаулы ұсынысымен өңірді діни сауатты мамандармен қамту, кері ағымдардан сақтану мақсатында «Өскемен Педагогикалық колледжінен» 2017 оқу жылынан бастап «Исламтану» мамандығы ашылған болатын.
Қазір мұнда болашақта діни маман болғысы келетін жастар білім алып жатыр.
«Өңірде діни сауатты мамандарға сұраныс бар. Біздің өтінішімізбен ашылған «Исламтану» мамандығының Құран бойынша дәрістері облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтуде. Бұл шара студенттердің сапалы білім игеруіне, Құран бойынша толықанды білім алуына зор септігін тіигізеді» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.
Қазір «Исламтану» мамандығы бойынша оқып жатқан шәкірттерге өкілдіктен білікті ұстаздар дәріс беруде.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
13.10.2017
3733
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру