ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, яғни облысқа қарасты Арал ауданында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты семинар ұйымдастырылды.
Жалпы бұл бағыттағы семинар жаңа «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітап жарық көргелі түрлі санаттағы азаматтар мен тұрғындар үшін, сала мамандары, мешіт жамағаттарына арналып бұған дейін де өткізілген болатын.
Бұл жолғы семинарға аудандағы зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары, ауыл әкімдері қатысты.
Мұсылманды шариғат жолымен жерлеу, жаназа рәсімдерін өткізу, басқа да дінге сәйкес келмейтін рәсімдеді орындаудан аулақ болу жолдары қатысушыларға наты түсіндіріліп, аталмыш кітап тарту етілді.
Семинарды Арал ауданының бас имамы С.Евильхан жүргізді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
13.10.2017
4115
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру