Бүгін «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының Мұғалжар ауданындағы жұмысы басталды. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Нұрланұлы бастаған І бағыттағы мобильдік топ жұмысы үш күнге жоспарланған.
Бірінші күннің бағдарламасына сәйкес, облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан аудандық «Нұртай» мешітінде жергілікті имам, молдалардармен кездесті. Жиын барысында діни қызметті жетілдіру жайы сөз болды. Сондай-ақ, діни басқарманың бұйрығымен екі ауылдық мешітке жаңа имамдар тағайындалды. Жұрын ауылдық «Хайролла» мешітіне Шукралиев Мухамбеткали және Мұғалжар ауылдық мешітіне Ақмурзин Сәндібек имам болып бекітілді.
Жастарға жат ағымдардың зардаптарын түсіндіру, теріс идеологиядан сақтандыру мақсатында "Жас санасын улаған теріс ағым" тақырыбында кездесу өтті. Оған мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысып, қажет ақпарат алды. Сондай-ақ. құқық қорғау органдары қызметкерлерімен «Діни тұрақтылық – қоғам қауіпсіздігінің кепілі" тақырыбында семинар өтті.
Түстен кейін аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты семинар өтті. Онда діни рәсімдердің атқару тәртібі түсіндіріліп, діни басқарма әзірлеген жаңа кітаптың мазмұны қамтылды. Семинарда өкіл имам Төлеби Оспан облысқа ортақ садақа мәзірін, діни рәсімдерді шариғатқа сай, бірізді атқару туралы Үндеу мәтінімен тағы бір таныстырып өтті. Шарада 20 тыңдаушы қатылды.
Түсіндіру жұмыстары аудандық Мәдениет үйінде жалғасты. Облыстық дін істері басқармасы басшысы Жолдас Қалмағанбетов және облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан ата-аналармен кездесті. Сұхбат барысында діни радикализмнің алдын алу, теріс ағымдардың дәстүрлі діннен айырмашылығы туралы айтылды. Кездесуде барлығы 100 адам қамтылды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
13.10.2017
3511
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру