Хромтау ауданындағы «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясындағы түсіндіру жұмыстары қорытындыланды.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов бастаған І бағыттағы мобильді топ жұмысы үш күнге жалғасты. Осы аралықта 50 іс-шара ұйымдастырылып, онда 1756 адам қамтылды.
Сапардың екінші күнін облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан аудан мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысып, ғимараттың жаңа жылыту маусымына дайындығын тексерді. Жамағаттармен сұхбаттасып, аудандық «Нұр» және Ақжар ауылдық мешіттерінде құптан намазының алдында «Дәстүрлі ислам дінінің ерекшелігі» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, Дөң елді мекенінде, өзге де мекеме, кәсіпорындарда, білім беру ұйымдарында жалпы кездесулер ұйымдастырылды. Жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріліп, ауқымды түсіндіру жұмыстарының өту барысы, маңыздылығы айтылды.
Топ құрамында теологтар Нұрлыбек Шакизадаұлы, Алтынбек Хусаинов, сондай-ақ, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары да болды.
Аталмыш мобильді топ бүгін Мұғалжар ауданында жұмысын бастады. Естеріңізге сала кетейік, 9 қазанда басталған ауқымды түсіндіру жұмыстары 4 қарашаға дейін жалғасады. Осы аралықта 8 ауданда 6 мобильді топ жұмыс жасайтын болады.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
13.10.2017
3130
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру