Орал облыстық орталық мешітінде жексенбінің кешінде ақшам намазынан кейін "Әл-Азхар" университетінің түлегі, магистр, теология ғылымдарының кандидаты, Сансызбай Құрбанұлы Шоқановпен кездесу болып өтті.
Жиынның басты мақсаты – өскелең жастарды имандылыққа баулып, дін Исламды құрметтеп, ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, дін мен дәстүрді сабақтастыру мәселелерін қарастыру.
Жиынды жүргізген ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Т.Султанов сөз бастап, асыл дініміздің мәні мен мағынасына тоқталды. ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі басшысының орынбасары Сансызбай Шоқановтың өзін мұсылманмын деп санаған әрбір еркек пен әйелге, жас пен кәріге бірдей пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірбаянын, мінез-құлқын дұрыс білуі уәжіп екендігін және тақуалық турасында жиналған жастарға жеңіл де түсінікті жолмен жеткізе білді.
Іс-шара барысында жиылған жамағат бірнеше сұрақтар қойып, ұстаздан қанағаттандырарлық жауаптар алды. Салмақты пікірлерді ұйып тыңдаған қатысушылардың бұл жиыннан терең, мағыналы ой түйгені сөзсіз.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2017
3579
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру