Бүгін діни басқарманың ұйғарымымен «Ақтөбе медресесі» колледжіне қос көліктің кілті табысталды.
Колледж статусын иемденген оқу орнының қызметтік көлікпен қамтамасыз етілуі өте орынды. Өйткені, енді оқу қабырғасында өтетін іс-шаралар форматы біршама өзгерді. Талапкерлерге қойылатын талап күшейтілді. Сәйкесінше, білім сапасына да деген сұраныс та артты.
Бұған дейін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің балансында болған Газель автокөлігі енді медресенің пайдаланылуына берілді.
Ал Toyota Camry маркалы екінші қызметтік көлік медресе директорына табысталды. Аталмыш автокөлік қалалық орталық мешітке «Уақып» қорының атынан жаңа қызметтік көліктің берілуіне байланысты мешіт балансынан шығарылған болатын.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
12.10.2017
3644
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру