Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУДА МЕШІТ АШЫЛДЫ

  Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 11.10.2017 5539 0 пікір
МАҢҒЫСТАУДА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ҚМДБ Маңғыстау облысында тағы бір Алла үйі бой көтерді. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы елді мекенінде «Әр-Рахим» мешіті ашылды.

Шағын ауылда 200 орындық мешіт ел иілігіне берілді. Кәсіпкер азаматтардың қолдауымен салынған мешіттің ашылуына Маңғыстау облысының өкіл имамы Самайыл қажы Сейтбеков, Қарақия ауданының әкімі Әділбек Құлынтайұлы және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

Сонымен қатар аталмыш мешіттің Бас имамы қызметіне тағайындалған Мерекебай Мади Нұралиұлын жалпы жұртқа таныстырылды. Өкіл имам Алла үйінің салынуына атсалысқан азаматтарға алғыс хаттар табыс ете отырып, «Мешіт - Алланың жербетіндегі үйі, құлшылық ететін қасиетті орын. Имандылық пен ізгілік жолында Алла разылығы үшін Мұнайшы ауылындағы мешіттің салынуына қолдау көрсетіп, ел игілігіне жасаған қайырымдылықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін» -деді.

Жаңа мешітте жамағатпен түскі намаз оқылып, ел тыныштығы үшін дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру