Сәті түсіп, Шелектің іргесіндегі «Нұрлы-Арасан» сауықтыру орталығының денге дауа, дертке шипа ғажайып суын екі-үш күн қабылдадық. Бойымыз сергіп, күш алып, тыңайып қалғандай сезіндік. Жер астынан қайнап шығып жатқан ыстық су Құдайдың халыққа керемет нығметі дерсіз. Су құбыр арқылы құйылып жатқан ашық екі бассеиннің біріншісінде +38 градус та, ал екіншісінде +30-30 градус.
Біріншісіне көбіне егде және орта жастағылар түссе, екіншісінде жастар, көбіне бала-шағалар жарыса сүңгіп, асыр салып жүр. Тәртібі 10 минут түсіп, 15-20 минут демалу керек екен. Мұны көбіне-көп бірінші бассеинге түсушілер мұқият сақтайды.
Мұсылмандар әдепке сай (тізе мен кіндіктің арасын – әурет жерін көрсетпейтін) келте сым (шортик) киеді. Минералды ыстық судың шипалылығы оның құрамындағы фтор мөлшерінің өте жоғарылығында (-11,5 мг/л) екен. Сондықтан Арасан суы душ не сыртқы ванна ретінде пайдаланылады: ерлер мен әйелдердің жыныс сырқаттарына, жүрек, қан тамыр, тұз байлану, құяң, жүйке жүйелері, тері мен буын ауруларына ем.
Бірнеше емделушімен тілдестік. Бәрінің де пікірі оң. Мұнан бір апта бұрын таяққа сүйеніп келген егде әйелдің көңілі көтеріңкі көрінді. Таяғын тастаған. Өз аяғымен жүр. Шипа дарығандардың қатары аз емес екен.
Жарнамасының кемшіндігінен шығар қазірге келушілер негізінен Алматы қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары екен. Бір қабатты 3 қонақ үйі мен үш ақ киіз үйге орналасқан демалушылардың дені өз қандастарымыз.
Қонақ үй екі және үш кісілік бөлмелерден тұрады. Тиісінше жағдай жасалған. Әр төсек тәулігіне 1500 теңге, суға түсу 500 теңге. Қарапайым адамдар үшін қол жетімді. Бір кісілердің Алакөлмен салыстырып жатқанын құлағым шалды. Оған қарағанда бағасы әлдеқайда арзан. Әрі Алматыға жақын, бар болғаны екі-ақ сағаттық жол.
Демалушылар көбіне-көп жұма күні кештете келіп, жексенбі күні түс ауа қайтады екен. Асханасынан үш мезгіл тамақтануға болады. Таңертеңгісін шәй ішіп, түскі және кешкі тамақтануы 1 мың теңгенің ар жақ, бер жағы. Ал, азық-түлікті өзімен бірге ала келгендер үшін тамақ дайындауына тиісінше жағдай жасалған.
Суға түсушілер үшін белгілі уақыт шектелмеген. Шілденің күндізгі апта-бынан қаймыққандар кешкі және түнгі салқында еркін түсіп жатты. Жабық екі-үш кісілік ванна мен душы, шағын бассеині де бар. Әрине, ондағы су ыстық +38 градус! Байқағанымыз сол, ыстық суға белуарға дейін түсуге болады. Себебі, одан асса жүрек тулап, қан қысымы көтеріліп кетуі әбден мүмкін. Алғаш барғандықтан мұның шет жағасын өзіміз де сезіндік.
Осы сауықтыру орталығының директоры Райыс Әріпжанұлымен мұнан бірер жыл бұрын Алматыдағы бір мәуліт отырысында танысқанбыз. Бұл жолы онымен аз-кем әңгімелесіп, танысудың сәті түсті. Шығыс Түркістаннан ата-мекенге ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ қуанышы қойнына сыймай алып-ұшып жетіпті.
Үрімшіде уни-верситет бітірген химик екен. Қытай, ағылшын және ұйғыр тілдерін жетік біледі. Әрине, өз ана тілін қоспағанда. Ұлттық ғылым академиясының А. Бектұров атындағы химия ғылым-дары институтына аспирант болып қабылданып, академик Еділ Ерғожиннің жетекшілігімен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Екі бірдей тапқан жаңалығына авторлық куәлік алған, 1995 жылы «Бірнеше комплексондар негізіндегі селективті йон алмастыр-ғыштар» деген тақырыптағы канди-даттық диссертациясын ойдағыдай қор-ғаған. Араға аз-кем уақыт салып осы «Нұрлы-Арасан» суымен ем жүргізетін сауықтыру орталығын ашыпты.
Отбасылы, балалы-шағалы. Қытайдағы атеистік дәуірде өмір сүргеніне қара-мастан намазын үзбеген әкесі Әріпжан Қайыпұлының діндарлығын ұлы да жалғастырған. Намазхан. Қажы. Райыс-тың үлкен ұлы Жанасыл Нұр-Мүбәрак университетінде білім алуда. Құранның 8 парасын жаттаған. Болашағы алда.
Құрметті ағайын! Дана халқымыз: «Денсаулық – терең байлық» деген. Сондықтан күнделікті тіршілік күй-беңімен жүре бермей, бірауық деніміз-дің саулығына да көңіл бөлейік!
«Нұрлы-Арасан» сауықтыру орта-лығына барғысы келушілер болса, Шелектен әрі 15 шақырымдай жүрген соң Нұрлы ауылына жетпей солға бұрылып, көкорай шалғын арасындағы тас жолмен тіке теріскейге тартса, 6 шақырымға жетер-жетпес алдынан шипажай қалашығы да көрінеді.
Шипажаймен алдын ала хабар-ласып, байланыса да (+7 777 732 80 28, +7 775 910 86 38, +7 747
264 57 88) аласыз.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.10.2017
3541
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру