ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Өскемен аймағы ақсақалдардың II форумының» жалғасы ретінде өкілдіктің тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы орталығында «Зайсан ауданы ақсақалдарының II форумы» болып өтті.
Шараға Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжанов, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Мади Мухтанов және ауданның қайраткер ақсақалдары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.
Жиында Елбасымыздың бастамасымен іске асып жатқан рухани жаңғыру жолындағы ақсақалдардың рөлі талқыланды.
«Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен елімізде алғашқы болып жыл сайын облыста ақсақалдар форумы ұйымдастырылып келеді. Бұл жиында «Өскемен өңірі ақсақалдарының II форумы» шешімдерін жүзеге асыруға байланысты ақсақалдардың қоғамдағы рөлін арттыру, кері ағымдардан сақтану мәселелері қаралады» деп атап өтті, жиынды ұйымдастырушы Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов.
Шара барысында аудан әкімі Т.Қасымжанов ақсақалдардың қазақ қоғамындағы орны және рухани жаңғырудағы ақсақалдар институтының маңыздылығына тоқталды.
Жиында салиқалы баяндамалар жасалып, салт-дәстүрді насихаттау мәселесіне байланысты құнды пікір-ұсыныстар айтылды.
Форум соңынан рухани шараларға белсенділік танытып келе жатқан қарияларға аудан әкімі тарапынан марапат ұсынылды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
10.10.2017
3275
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру