Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы орталық мешітінде кезекті семинар өтті

Алматы орталық мешітінде кезекті семинар өтті

Адам баласы жас айырмашылығына қарамастан қашанда білімге мұқтаж. Естеріңізде болса өткен айдың 12 күні бастау алған Алматы қаласы Дін Істер Басқармасы және ҚМДБ «әйелдер-қыздар» секторы жат ағымның алдын алу мақсатында «Әйел жамағатымен жүздесу» атты семинар өткізген болатын. Бүгінде аталмыш семинар өз жалғасын тапты.

Семинардың басы Сейдманов Оралхан ұстаздың «Исламдағы әйел мәртебесі» жайлы үлгі боларлық оқиғасынан бастау алды.


Бұл семинар қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының ең алғашқы еңбек ері Миразова Аягүл Төреқызының қатысуымен ерекшеленді. Аягүл ханым өз сөзінде қазақ әйелінің намысқой әрі жігерлі болғанын тілге тиек етті. Баланың тәрбиесінде  ана ұлағатының  алар орны ерекше және әрбір ананың ұстаз екендігін баса назарға алды.


Тәртіп бар жерде береке де боларын білген қазақ халқы қашан да заңнан аттамақ емес. Бүгінде жат ағымның алдын алуда заңның алар үлесі зор. Осы орайда семинарға жиналған жамағат білікті мамандар мен заңгердің кеңесіне жүгініп, көкейдегі сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Алматы қаласының Орталық мешітінде өткізілген бұл семинар, әйелдер қауымын ақ пен қараны ажыратып, жат ағымның жетегінде кетпеуге үндейді. Семинардың өткізілудегі басты мақсаты да осы. «Әйел жамағатымен жүздесу» соңында қатысушы жамағатқа сертификат табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру