Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сансызбай ұстаз Бөрлі ауданында

Сансызбай ұстаз Бөрлі ауданында

Республикалық ақпарат-насихат тобы және ғұламалар кеңесінің мүшесі, елімізге танымал ұстазымыз Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы арнайы шақыртумен Бөрлі ауданына келді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша өкілдігі мен «Аманат-жайық» қоғамдық қорының қолдауымен, Бөрлі аудандық мешіті және Парасат қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын қолға ала отырып, келген қонағымыз алғашқы кездесуін  «Рухы биік, мақсаты берік жастар» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өткізіп, діни экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізіп, жастарға имани тәрбие, ұлттық құндылығымыз жайында насихат айтылды.

Кездесу Бөрлі аудандық мешітінде аудан ақсақалдары, ауыл молдалары және ақжаулықты әжелерімізбен дастарханда жалғасты. Кездесу барысында бірлік, татулық, ынтымақ, жастар тәрбиесі тақырыбында уағыз-насихат айтылып ақсақалдар мен ақжаулықты әжелеріміздің сұрақтарына жауап берді. Жиналған жамағат айтылған уағыз-насихатына, сұрақтарға берген жауабы үшін Сансызбай ұстазға риза болып және Мүфти хазретке алғыс сәлемдемелерін айтып, баталарын берді. Одан кейін РАНТ мүшесі Ақсай радиосы 100.5 FM де қонақта болып, сұхбат берді.

Жергілікті Ақшам намазынан кейін ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы жамағатқа келген қонақты таныстырды. РАНТ мүшесі С. Шоқанов мешіт жамағатымен кездесіп, қазіргі күні жамағат арасында туындап жүрген мәселелердің ақ-қарасын ажыратып, адасушыларды райларынан қайтаруға тырысты. Дәстүрлі дініміздің ұстанған талаптарының дәлелді екендігін, Әбу Ханифа мәзһабының сүннеттің ажырамас бір бөлігі екендігін, ата-бабаларымыздың ұстанған жолында дәстүр мен діннің біте қайнасқандығын тілге тиек етті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру