Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылықтың кереметтерімен қауыштырған сырлы сәт

Қажылықтың кереметтерімен қауыштырған сырлы сәт

Қажылық айы аяқталғанымен, қажылықтан алған әсер әзір басылмақ емес. Қағба мен қасиетті мекенге деген сағыныш қажылардың жүрегінде мәңгіге жатталып қалатындай.

Кеше облыстық «Руханият» мұражайында осынау ұлы сапардан оралған ақтөбелік қажылармен кездесу өтті. ҚМДБ-ның әйелдер-қыздар секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева ұйымдастырған шараға қажы апа-әжелер арнайы шақыртылып, мешіттердегі әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының шәкірттері келіп қатысты.

Қажылыққа қатысты құнды деректермен бөлісіп, бірқатар пайдалы мағлұматтар берген «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің ұстазы Диляром Бектаева әуелі ұлы құлшылықтың тарихына тоқталды. Жаһилия дәуірінде іші пұтқа толы болған, сонау Ибраһим мен Ысмайыл (Алланың оларға сәлемі болсын) пайғамбарлардан бастау алатын Қағбаның салыну тарихын әңгімелеп берді.

Қағбаны жеті рет тауап ету мен Сафа мен Маруа төбелерінің арасында жүгіріп өтудің сырын, қарғысатқыр шайтанға тас лақтыру, Арафатта тұру, ихрам кию, шаш алдыру, талбия айту сынды қажылық амалдарының жасалу себебін түсіндірді. Сондай-ақ, ұстаз шәкірттерді мұражай ішіндегі Қағбаның үлкен макетімен таныстырып, оны сағат тіліне қарама-қарсы бағытта тауап ету керектігін айтты. Баршасы Қағбаның нақ өзі болмаса да, макетінің өзінің мысы басқандай, ерекше әсер алып, келер жылғы Алланың шақыртуынан үміт етті.

Бұдан кейін Мекке, қажылық жайлы бейнероликтер көрсетілді. Онда қасиетті қалада ешқандай зұлымдыққа жол берілмейтіндігі, өсімдік, жануарларға да жәбір көрсетуге болмайтындығы айтылып, тіпті аң аулайбайтындығы туралы қызықты деректер келтірілді. Зәмзәм суының құрамы, оның дертке шипа, дұғаның қабыл болуына себепкер болатын ерекше қасиеті туралы айтылды. Тақырып аясында тебіреніске толы өлең жолдары да оқылды.

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің шәкірттері Шамсия, Айнагүл, Ұлжан, Өміргүл, Гүлсім мен Гүлшара есімді апаларымыз, қалалық әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығының шәкірттері Замзагүл, Әлия әжей, сондай-ақ, Жанар, Гүлмарс және Даража апай, т.б. қажылар қажылықтан алған оң әсерлерімен бөлісіп, ұлы сапардың сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес керемет сезімге бөлейтіндігін, оның Меккеге деген шексіз сүйіспеншілікке, кейінгі сағынышқа ұласатындығын айтып берді. Көздеріне еріксіз жас та алды. Баршасына қажылықтан алып келген әжуа құрмалары мен қасиетті зәмзәм суынан ауыз тидіртіп, көпшілік дұға-тілектерін айтты.

Мешіт ұстаздары Кенжегүл Қошқарова мен Ақжарқын Жылысбаева білім алу да құлшылық екендігін айтып, шараға сауатын ашу, пайдалы мағлұмат алу ниетімен келген барша шәкірттерге ізгі тілектерін жеткізді. Шара соңында өкіл имам Төлеби Оспанның атынан қатысушыларға «Таным тағылымы» секілді шағын діни кітапшалар, жинақтар үлестіріліп, баршасы ұстаздарына зор алғыс білдірді.

   Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе өкілдігі бұған дейін де жерлес қажыларды қарсы алу шарасын ұйымдастырып, ас берген болатын.

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.11

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.12

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.16

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.19

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.20

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.23

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.25

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.26

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.28

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.31

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.33

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.341

 

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.281

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.15

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.10

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.33.04

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.13

 

WhatsApp Image 2017 10 06 at 13.32.121

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру