Қапшағайдағы «Рахмет үшін!» әлеуметтік дүкені Іскер әйелдер кеңесінің қалалық филиалының бастамасымен ашылып отыр. Кеңес төрайымы Гүлжан Исканованың сөзінше, бизнес-ханымдардың жобасы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Іскер әйелдер қайырымдылық дүкеніне балалар және үлкендер киімін, аяқ-киім, қысқы күрткелер, тондар, мектеп формасын әкелген. Жергілікті жұмыспен қамту бөлімі арқылы екі азамат жұмысқа тіркелді. Олар заттарды қабылдап және оны мұқтаж азаматтарға беріп отырады.
Әлеуметтік дүкеннің ашылуы «Атамекен» ҰК бастаған «Атамекенім» республикалық акициясына орайластырылды.
«Біз қайырымдылық ұйымы емеспіз, алайда, әлеуметтік дүкендерді ашу біздің жұмыстағы бағыттарымыздың бірі болып табылады. Қоғамның түрлі топтарына көмектесу арқылы әлеуметтік мәселелерді анықтап, оны жергілікі атқарушы орган алдында көтергіміз келеді. Дүкен ашыла сала, бірнеше адамға көмек берілді», - деп атап өтті Қапшағай қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Абак» ЖК директоры Гүлжан Исканова.
Салтанатты ашылу рәсіміне Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Сағдат Нұрғазиев қатысып, әйел-кәсіпкерлерлердің бастамасына алғыс білдіріп, алдағы жобалардың іске асырылуына табыс тіледі.
«Рахмет үшін!» дүкені 3 ықшамаудан, 2 үй мекенжайы бойынша бұрынғы «Спорт тауарлары» дүкенінің ғимаратында орналасқан. Дүкен демалыссыз күн сайын сағат 10:00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, бұл облыста ашылған төртінші әлеуметтік дүкен. Аталмыш дүкендер Талдықорған қаласында, Сарыөзек және І.Жансүгіров ауылдарында бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muslim.kz
06.10.2017
4177
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру