Су тасқыны төтеннен келетін апаттардың бірі. Табиғаттың жайсыздық тудыратын осы бір зардаптарынан қаншама адам жапа шегіп жатады.
Жақында өкіл имамның бастамасына орай Ақмола облысы аудандары имамдары мен Целиноград ауданының ауыл молдалары Семеновка ауылында көктемгі су тасқыны салдарынан үйсіз қалған сегіз балалы Таңат Маратұлының отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.
Үйін жөндеп, қол ұшын берді. Имамдардың өзі құрылыс материалдарын сатып әкеліп, сылақ жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде жапа шегуші Таңат Маратұлы Бас мүфти мен жергілікті діни мешіт имамдарына жүрекжарды ризашылығын білдірді.
Ауылдық округтің әкімдігі басшылары да дін адамдарының қайырымдылығына тәнті болып, өз тарапынан алғыстарын жолдады.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.10.2017
3191
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру