Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРТЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ - БАҚЫТТЫ!

ҚАРТЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ - БАҚЫТТЫ!

Қаладағы қарттар және мүгедектер интернат үйінде 250-ден астам тәрбиеленуші бар. Оның ішінде, оннан аса тыл ардагерінің де тағдыры осында тоғысқан.

Халықаралық Қарттар күнінің құрметіне «Нұр Ғасыр» мешітінің ұжымы жылдағы дәстүрден жаңылмай бүгін мұндағы қарияларды зиярат етті. Мешіттің «Сен де үлес қос!» акциясының қызметкері Кенжегүл Қошқарова және сауат ашу курсының шәкірттері ата-әжелерге «тәтті» сый алып барды. Акция аясында мұнда тәттілер мен торттар, ыстық бауырсақ, себет толы жеміс-жидектер жеткізілді.

Дәл осы күні қаладағы мүгедектер қоғамы мен музыка мектебінің балғын шәкірттері де ата-әжелердің көңілін сұрап келді. Интернат үйінің үлкен залында балалар өз өнерлерін паш етіп, қарттарды бір серпітті, көңілдерін көтерді. 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.03.49

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.03.48

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.03.55

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.03.57

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.03.58

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.03.59

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.00

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.01

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру