Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

100 ҚАРИЯҒА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ.

100 ҚАРИЯҒА  ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ.

Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің асханасында қарттардың құрметіне мерекекелік дастархан жайылды. 100-ге жуық қарияның басын қосқан шараға Қарттар мен Мүгедектер интернат үйінен, мешіт ақсақалдары мен ардагер ата-әжелер шақырылды.

Шара басында қасиетті Құран аяттары оқылды. Өкіл имам Төлеби Оспан кіші буынның көрсеткен ізет-ілтипатын қабыл алып, шараға келген барша қарт ата-әжелерді мерекелерімен құттықтады. Дендеріне саулық, күш-қуат тіледі. Жастарға қарттың қызметін қылып, батасын алу, қазыналы сөздерінің қадіріне жете білу керектігін тілге тиек ете отырып, ақиық ақын Мұқағалидің «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Жергілікті өнерпаз жігіт Мырзабектің орындауында толғау мен термелер айтылып, қара домбыраданың күмбірі мен қара сөздің қасиеті қарттарды бір марқайтып тастады.

Мешіттің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының аясында қарияларға кәдесыйлар үлестірілді. Сыйлық дорбаларына құнды діни кітаптар мен дәмі тіл үйірер «Рафаэлло» тәттілері салынды. Сөз соңында, акцияға жауапты қызметкер Мәжит Әбішев «Сен де үлес қостың» бір жылдық жұмысын қорытындылап, іс-шаралардың фотосуреттерінен арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

Мерекелік дәмдерден ауыз тиіп, қымыз ішіп, көңілді отырған меймандар шара ұйымдастырушыларына шексіз алғысын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Әсіресе, қаладағы қарттар мен мүгедектер үйінің басшылығы қашан да қайырымды істерге ұйытқы болып жүретін имандылық ордасына, ұжым қызметкерлеріне ерекше алғыс айтты. 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.03

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.051

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.052

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.07

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.09

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.13

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.14

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.15

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.16

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.17

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.18

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.21

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.191

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.151

 

WhatsApp Image 2017 10 04 at 16.04.27

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру