Кездесуге қатысушылар Қазақстанда «Хедая» орталығының өңірлік кеңсесін ашу үшін аталған ұйымды Әділет министрлігіне тіркеуге қоюға қатысты ұйымдастырушылық бағыттағы мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында «Хедая» және «Сауаб» орталықтары қызметінің таныстырылымы өткізілді. «Хедая» халықаралық орталығы 2012 жылғы желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірліктерінің бастамасымен құрылған. Ұйымның негізгі миссиясы - зорлық-зомбылықты экстремизмге қарсы үздік сараптамалық зерттеулерді жүргізу және тарату арқылы экстремизмді жоюға бірлесіп әрекет ету болып табылады.
«Хедая» халықаралық орталығының қызметімен таныстыру барысында аталған орталықтың атқарушы директоры Максуд Круз экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы сарапшылардың арасында ақпарат алмасудың және тікелей байланыстар орнатудың маңыздылығын атап өтті.
Ал, «Сауаб» орталығының өкілі Олайа аз-Захири көрнекі ақпараттық-графикалық материалдардың негізінде ДАИШ лаңкестік ұйымының идеологияларын интернет пен әлеуметтік желілерде таратуға қарсы тұру мақсатында Орталықтың атқарып отырған жұмысының негізгі тетіктері мен нәтижелерін түсіндірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу перспективалары туралы пікір алмасты.
Аталған шараға сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, құқық қорғау және арнайы органдардың, Мәдениеттер мен діндер Халықаралық орталығының, «Ақниет» ҚҚ-ның, «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ-ның және «Kazdream technologies» аналитикалық орталығының өкілдері де қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
04.10.2017
3593
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру