ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің қолдауымен қалалық мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өткізілді.
Жыл өткен сайын жамағаттардың ауызбіршілігі артып, ортақ шаралар көптеп ұйымдастырылатынын ескерер болсақ, жамағат арасында белсенділікті арттыруда спорттық ойындар да зор маңызға ие.
Аталмыш бағыттағы шаралардың көптеп өткізілуіне ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің жалпы және жастар бөлімі мұрындық болуда.
Жарыс нәтижесі бойынша І ші орын облыстық "Ақмешіт-Сырдария" мешіті жамағатына, ІІ орын қалалық «Айтбай» мешіті жамағатына, ІІІ орын «Ыбрайым молда» мешітінің жамағатына бұйырды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
03.10.2017
4204
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру