Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласы мешіттерінде  қарттар мерекесі аталып өтті

Алматы қаласы мешіттерінде  қарттар мерекесі аталып өтті

Алматы қаласы Жетісу ауданы Әл-Мәдина мешітінде «Әйел қыздар» секторының басшысы Ахметова Маржан Оразанбайқызының ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты рухани кеш кең көлемде аталып өтті.

Рухани кеш қасиетті Құран аяттарымен басталып, мешіттің найб имамы Кертаев Бағлан мырзаның алғы сөзі мен аталмыш сектордың басшысы Ахметова Маржан Оразанбайқызының құттықтауымен және «Исламдағы ата – ананың орны» атты уағыз-насихатымен жалғасын тапты.  

Кеш қонақтары әйел жамағаты мен мешіттің көркі саналатын асыл әжелерге толысты. Аталмыш рухани  іс-шара қарттар мерекесіне орай «Нұр  - Мүбарак» университетінің күйші студенті Темірханов Темірланның күйі мен және қарттарға арналған өлең жолдары, көрермендермен  сұрақ-жауап ойыны, жүректі тебірентер бейнеролик пен мешіт шәкірттеріне арналған кішкентай бүлдіршіндердің «Ата анаға құрмет» атты көрінісі қойылды.

Кеш соңында берекелі дастархан жайылып, дастархан барысында да жарыс өз жалғасын тапты.  Әжелер өзара баталар жарысы мен дұға-тілектер сайысына ат салысты. Сонымен қатар қарттарға сыйлықтар таратылды.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру