Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жұмадағы жәрмеңке жылулық сыйлады.

Жұмадағы жәрмеңке жылулық сыйлады.

Өткен аптаның қасиетті жұма күні Семей өңірі бойынша  ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторының  ұйымдастыруымен "Қос мұнаралы" орталық мешіт ауласында кезекті «Қайырымдылық жәрмеңке» өтті.

Ардақты елші Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өз хадисінде: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!", — деп айтқан. Мешіт жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірт апайлар мен қыздардың өз қолдарымен пісірген әртүрлі тағамдары сатылымға шығарылды.

Алланың разылығы үшін мешітке қадам басып келген мұсылман бауырлар  таңдаған дүниесін  қуана сатып алды. Ұйымдастырған қайырымдылық-жәрмеңкеден түскен қаражат алда «Әйел-қыздар» секторы жасайтын әртүрлі қайырымдылық істерге жұмсалмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру