Ақтөбедегі жергілікті діни қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға бағытталған екі күндік семинар аяқталды. Облыстық дін істері басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы ұйымдастырған оқыту семинарына өкіл имам Төлеби Оспанның жолдауымен 50-ден астам имамдар мен молдалар қатысты. Ондатеолог мамандар дәріс жүргізді.
Атап айтқанда, исламтанушы, PhD доктор Қайрат Құрманбаев пен Семей қаласының "Қос мұнаралы" мешітінің наиб имамы Бекзат Баешов, Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің наиб имамы Ербол Құдабаевтар шақыртылды. Семинар бағдарламасына сәйкес, онда Елбасы мақаласында қамтылған рухани жаңғыру мәселесі мен оған дін саласының қосар үлесі, исламдағы ілім үйренудің артықшылығы, Ханафи мәзһабындағы хадис методологиясы мен мұсылманның сыртқы сипаты туралы, әр түрлі тақырыптарда дәріс берілді. Сондай-ақ, ынтымақты ислам дінінің мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз етудегі атқарар рөлі зор екендігіне басымдық беріліп, дәстүрлі ата дінімізді дәріптеу, кеңінен насихаттау радикалды идеологияға қарсы тұру тетіктерінің бірі екендігі айтылды. Сонымен қатар, ҚР Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Діни құқықтар мен діни бірлестіктер туралы Заңның жаңа жобасы түсіндірілді.
Семинар бағдарламасында қамтылған тағы бір мәселе - діни рәсімдерді атқарудағы бірізділік пен оның толықтай шариғат талаптарына сай жүргізілуі. Осы ретте, "Нұр Ғасыр" облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев жуырда жарық көрген "Жаназа және жерлеу рәсімдері" кітабын таныстырып, кітап мазмұнында қамтылған мәселелер турасында шағын баяндама жасады. Және барлық дін қызметкерлерінің діни рәсімдерді аталмыш кітапты басшылыққа алып отырып жүргізуі керектігін жеткізді.
Екі күндік семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы Сертификаттар табысталды.



















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
02.10.2017
3616
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру