Қызылорда облысының 115 имамы үш топқа бөлініп апталық курста білімдерін жетілдіруде.
Қазір "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетіндегі Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтында Қызылорда облысының 115 имамы үш топқа бөлініп апталық курста білімдерін жетілдіруде. Қасиетті жұма күні Сыр өңірінің имамдарына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын мырзамен кездесіп, дәрісін тыңдау мүмкіндігі туды.
Проректор, профессор Шашәдин Керім мырза Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев мырзаның дін мамандарын даярлауда нақты қолдау жасап отырғанын айта келе, бұл өзге аймақтарға да өнеге боларлық іс екенін атап өтті. Соның дәлелі жыл сайын студенттердің оқуақысын ғана емес, имамдардың да білімін жетілдіру ісі дәстүрге айналуда. Бұл мәселеге ерекше ризашылық білдірген Берік Арын мырза министрлікке келген мәліметтер бойынша да Қызылорда өңірі жат діни ағымдардың ылаңынан таза бірден бір аймақ екенін айтып, имамдарға бүгінгі қоғамдағы жағдайлар мен әлемдегі дін мәселесіне қатысты қысқаша жан-жақты дәріс оқыды:
— Біз зайырлылық даму жолын таңдаған елміз және бұл жолдан бас тартпаймыз. Зайырлылықты атеизммен шатастырып, діни білімі төмен мұсылмандарды орта ғасырға сүйрегісі келетіндер бар. Тіпті зайырлылықты исламға қарсы деп бос сөзге еретіндер аз емес. Біз өздеріңіздің көмегіңізбен ел арасында дінге деген ұстамды көзқарасты қалыптастыруымыз керек. Қазір мешіт имамдары өте сауатты, білікті, заманауи технологияларды меңгерген жан-жақты болуы маңызды. Мен шет елдерге барғанда салиқалы дін қызметкерлерін жиі кездестіремін. Оларды ірі компаниялардың президенті, іскер адамдар деп ойлап та қалатын кездер көп. Сондықтан ислам кері кету емес, дамудың діні екенін білім арқылы дәлелдеуді қажет етеді,-деді Берік Сақбайұлы.
Имамдар да көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алып, вице-министр мырзаға алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.09.2017
3421
0 пікір






+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру