Басылымның қазан айындағы санында жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Отанды сүю иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» деген мақаласымен ашылады. «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Һижрет хикметі», «Дін мен дәстүр» айдарымен «Тахник жасау және баланың аузына түкіру», «Пәтуә» айдарымен «Жан тәсілім еткеннен кейінгі шаралар», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың ««Инфитар» сүресі», «Зерде» айдарымен ««Фатх» сүресі», «Хадис түсіндірмесі» айдарымен «Тозақ пен жәннат», «Мәселенің мәнісі» айдарымен «Ерте тұрғанның ырысы артық», «Сахих хадистер» айдарымен «Дінмен өмір сүру», «Уағыз» айдарымен «Батылдық – мүміннің сипаты», «Ойласу» айдарымен «Ысырап пен бәсекеге жол бермесек...», «Ғибадат» айдарымен «Дәреттің әдептері», «Ой салу» айдарымен «Жүректегі үміт сәулесі», «Балаларға базарлық» айдарымен «Алғашқы азан», «Ағымдар ақиқаты» айдарымен ««Сәләфия» сөзінің шығу төркіні», «Данадан үйрен» айдарымен «Ұстаз бен шәкірт», «Ислам ғұламасы» айдарымен «Әбу Бәкір ар-Рази», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Тамақты ысырап етудің үкімі қандай?», «Тарихи тұлға» айдарымен «Сұлтан Бейбарыс әл-Бундуқдари» атты материалдар жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:
«Діндар» айдарымен «Имам Бейіс Тәктенұлы», «Хикаяттар» айдарымен «Шүкірлік ет!», «Білгенге маржан» айдарымен «Ажырасқаннан кейін 4 ай 10 күн күтудің хикметі», «Тарихи таным» айдарымен «Қожа Ахмет хан», «Жолжазба» айдарымен «Сарбаздарға рух берген мешіт», «Қаз қалпында» айдарымен «Сәждеде көз жұмған әже», «Басқа басылымнан» айдарымен «Екі ғасыр сақталған Құран», «Шипа Алладан» айдарымен «Лимон ... дәрі!» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2018 жылға жазылу басталып жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 17 жыл бойы жазылу бағасы бір деңгейде сақталды. Енді біршама қымбаттатуға мәжбүрміз. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.
Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 3000 теңге. Журналдың пошталық тасымал шығынын әдеттегідей басылым редакциясы өз міндетіне алады. Басылымға жазылудағы оқырман ескеретін бір ерекшелік бұған дейінгідей үш айға не жарты жылға жазылу қабылданбайды. Тұтас бір жылға жазылу қажет. Алматы тұрғындарының басылым редакциясына келіп жазылуына болады.
Оқырмандар «Иман» журналына жазылу бағасын «Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен біліп, жазыла алады.
Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.
Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12
Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады: 8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.09.2017
4416
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру